Suivant

Жұмыспен қамтудың жаңа жолы

14/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Өткен жылдың шілдесінде халықты жұмыспен қамту орталықтары «Мансап орталықтары» болып қайта құрылды. Бүгінде облыста 9 мобильді орталық қызмет атқаруда. Негізгі мақсат – тұрғындарды мемлекеттік жобалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Орталықта алты бөлім жұмыс істейді. Жалпы алғанда 2023 жылы 34 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамтылып, 1529 әлеуметтік осал топ мүшесі мемлекет тарапынан қайтарымсыз грантты иеленген. Одан бөлек орталықта ай сайын бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері өткізіліп тұрады. ШАРИЗАТ АЛМАШЕВА – «МАНСАП» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ // Өткен жылғы бюджет 8,4 млрд құрады, биылғы 2024 жылға 15 млрд құрап отыр. 01:55// Өз кәсібін ашам деген азаматтарға, кәсібімді дамытам деушілерге қайтарымсыз гранттар беріледі. 50 жастан асқан азаматтарға «Күміс жас» жобасы іске асырылады. 35 жасқа толмаған жастарды қолдауға «жастар тәжірибесі» бар, «алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы бар. Және әлеуметтік жұмыс орындары бағдарламасы бойынша уақыша жұмыс орындары қарастырылған және ол бюджеттен субсидияланған. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant