Suivant

ЖҰМЫСШЫ АНАЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

18/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның ұйымдастыруымен өңірдегі жұмысшы әйелдердің кездесуі өтті. «Ауыл әйелі – бақ-береке бағбаны» атты басқосу халықаралық ауыл әйелдері күніне орай ұйымдастырылды. Бұл шараның ерекшелігі – өмірі еңбекпен өріліп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген және зейнетке шыққан 40-қа жуық әйел бас қосты. Облыстың түкпір-түкпірінен жиылған делегация қаладағы бірқатар нысанның тыныс-тіршілігімен танысты. Алдымен еліміздегі ең ірі күріш өндіруші компанияның жұмысын көрді. Күріш ақтайтын зауытта тәулік бойы жұмыс істейтін қондырғылар толықтай автоматтандырылған. Егіс басынан келген қара күріш дәл осы жерде сұрыпталады. Одан соң меймандар жаңадан пайдалануға берілген Оқушылар сарайын аралады. Заманауи үлгідегі нысанда техноорталық, робототехника және өнеркәсіптік дизайн сынды сыныптар бар. Экологиялық зертхана, жылыжай, тіпті телестудиямен қамтылған. Іс-шараға қатысушылар Қызылорда медициналық жоғары колледжіне де аялдады. Мұнда еңбеккер аналар жас ұрпаққа адал еңбек, тура жол, маңдай термен тапқан табыстың берекелі болатынын түсіндіріп, өз өмірлерінен мысал келтірді. Айталық, шиелілік Нұржамал Омарова көлік шиналарын желімдеумен айналысады. Тілін тапсаң, техниканың қыр-сырын меңгеруге болады дейді. Іс-шара қорытындысында алтынқұрсақты аналарға алғыс хат табысталып, сый-құрмет көрсетілді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant