ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: АТЫРАУДА 9 КОЛЛЕДЖДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ
Атырау облысында жұмысшы мамандықтар жылына орай арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Ол 6 бағытты қамтиды. Жоспарланған жұмыстардың бірі – колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайту. Осы мақсатта 9 арнаулы білім беру ұйымы материалдық-техникалық базасын жаңғыртады. Аймақ басшысы орынбасарының айтуынша, жылдан жылға жұмысшы мамандарды дайындау мақсатында жергілікті атқарушы орган тарапынан бөлінетін грант саны көбейіп келеді. Оған дәлел, 2023-2024 оқу жылында 3600 студент тегін білім алса, 2024-2025 оқу жылында 4500-ден аса грант берілді. Айта кетейік, бүгінде өңірде 24 колледж жұмыс істейді. Оның 12-сі жұмысшы мамандық иелерін оқытады. Жалпы колледждерде 62 мамандық бойынша 159 біліктілікті 19 мыңнан аса студент меңгеруде. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO