Suivant

Ж.Түменбаевты еске алу кеші өтті

08/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қазақ әдебиетінде айшықты орнын тапқан шығарманың бірі ¬- «Ауыл шетіндегі үй» повесі. Туынды авторы тума талант, жерлесіміз - Жақсылық Түменбаев. Жалпы, қабырғалы қайраткердің қазақ руханиятына қосқан үлесі аз емес. Ол жазу-сызумен қатар, аудармамен айналысты, журналистикада жүріп, сүйекті мәселерді сөз етті. Жазушының 80 жылдығына орай кіндік қаны тамған топырақта еске алу шарасы өтті... Сазды ¬ алақандай ауыл. Айналасын құм қоршаған. Осы топырақтан жазушы, журналист Жақсылық Түменбаев қанат қақты. Ол 20-шы ғасырдың екінші жартысында әдебиет әлеміне қадам басты. Оның қай шығармасын алсақ та, кейіпкерлері – осы ауылдың адамдары. Сондықтан болар, мұндағы әрбір адам ыстық көрінеді. Тиісінше, Түменбаевтай талантты түлеткен топырақтың жұрты жазушыны ерекше құрметтейді. МЕЙРАМБЕК ЖАНЫСОВ – Ж.ТҮМЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №60 ОРТА МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ//2732// 1998 жылдан бері мектеп Ж.Түменбаев атағы орта мектебі болып аталып келеді. Осы мектептің оқушыларына Ж.Түменбаевтың жазған кітаптары үлкен ауылға деген сағынышын, патриоттық сезімдерін оятты деп есептеймін. Жалпы, мектебіміз аудан көлемінде, облыс көлемінде жақсы жетістіктерге жетуде. АЙАРУ ДУЛАТҚЫЗЫ – ОҚУШЫ Ауылымыздан шыққан кемеңгер атамыз Ж.Түменбаевтың шығармаларын зерттеп, облыстан екінші орын алдым. Атамыздың «Қимас қазына», «Ауыл шетіндегі үй», «Махаббат қорығы», «Мен сүйген қыз» атты шығармалары бар. Мен келешекте Ж.Түменбаев атамыздың өмірбаяннын, шығармаларын оқып, зерттегім келеді. Жүзден аса оқушы білім алатын мектепте Түменбаев атындағы музей бар. Онда жазушының шығармалары, қолжазбалары мен естелік суреттері сақталған. Қайраткердің есімін ұлықтау мақсатында үнемі танымдық шаралар ұйымдастырылып келеді. Танымдық шарада оқушылар «Қимасы қазына» повесін сахналап, шығармашылығына бойлады. Жазушының жақындар жылы естеліктерін айтып, көзін көрген кісілер Түменбаевтың тұлғалық қасиетіне тоқталды. БЕКМАҒАМБЕТ САТАЕВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ // Мен өзі ағама еліктеп, әдебиетті жақсы көрдім. Оның жинаған кітабын, өзінің жазған кітабының бәрін оқып, ең соңында жазып жатқан қолжазбасына дейін оқитын едім. +2:52-/ Ауылдастарға да көп көмегі тиді. Елін жақсы көрді. Шығармасында да ауылдың мәселесін айтып, арқау қылып отыратын. МҰХИТ ТҮМЕНБАЕВ – Ж.ТҮМЕНБАЕВТЫҢ ҰЛЫ // жазушылар да айтады, Жәкеңнің мінезі жібектей болатын деп. Әкеміз шығармашылықпен айналысқанда мамамыз бір бөлені дайындап қоятын. Домбырасын шертіп отырып, сенбі-жексенбісін сол жазуына арнайтын. Үйде шыбынның даусы естілмейтін. Адам өзі жүріс-тұрысымен көрсетеді ғой. Әкеміз өте ұқыпты болатын. Адаммен араласуы, бір ашуға салынғанын көрмеппін. Жазушының қазақ руханиятына қосқан мұрасы мол. Аз ғана ғұмыран өшпес із салған қайраткердің азаматтық болмысы мен кісілік келбеті жайында да айтылар әңгіме аз емес. Оқырман бар да оның есімі ұмытылмайды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant