Suivant

Интернет алаяқтық көбейіп барады

20/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қызылордада жыл басынан бері 40 азамат интернет алаяқтықтың құрбаны болған. Дегенмен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында салымшылар салған 53 млн теңге толық қайтарылыпты. Ал, профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 4 айдың көлемінде 185 заңсыз сілтеме бұғатталып, 5 аккаунт жойылған. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда жарнамасы мықты заңсыз құмар ойындары мен қаржы пирамидалары тұрғындарды торларына іліп әкетуде. Мәселен, жыл басынан бері экономикалық тергеп-тексеру депарменті Q-Net пирамида ұйымына қатысты бір қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдаған. Нәтижесінде қызылордалық ағайындылар 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылған. Сонымен қатар банктің 600 млн.теңге ақшасын жымқырды деген күдікке ілінген банк қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қазір сотта қаралып жатыр. АРМАН ЖАНӘДІЛОВ - ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ «Жарнамасы мықты, ұсынысы көз қызықтырып адамдарды жолдан тайдырып отырған саланың бірі – заңсыз құмар ойындар. Түрлі форматтағы қаржылық алаяқтық жобаларының және заңсыз ойын орындарының құрығына ілігіп, қаражатынан айрылып, отбасы мен ортасының берекесін кетіріп жүрген жерлестеріміздің саны ондап, жүздеп, мыңдап өсіп барады. Құмар ойынның құрбанына айналмаудың бірден-бір жолы алдын-алу жұмыстарын жүргізу. Департамент тарапынан халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға, құмар ойынның құрбаны болудың алдын-алуға, күмәнді қаржылық пирамидалар мен ойындарға қатысудан бас таруға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Мұндай шаралар адамдарға ой салады, оң нәтижесін береді деген мақсатпен жасалып отыр». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant