Испанияда су тасқынының екінші толқыны күтілуде
Испанияда су тасқынының екінші толқыны күтілуде. Елдің 8 аймағында, соның ішінде Балеар аралы, Каталония мен Валенсияда қатты жаңбыр мен жел туралы ескертулер жарияланды. Зардап шеккен аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 15 мыңнан астам әскери қызметші мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Сондай-ақ, 45 мың ерікті қосылды. Қазір су тасқынының салдарынан із-түссіз жоғалған 23 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Елдегі төтенше жағдайға байланысты Испания королі Филипп VI Валенсиядағы Қарулы Күштердің штабына барды. Айта кетейік, қазан айының соңында Испанияға «Дана» дауылы соғып, тосыннан келген апаттан 220-дан астам адам опат болған. Табиғи апат Еуропадағы соңғы жарты ғасырдағы ең күшті деп танылды. Ел билігі тасқыннан зардап шеккендерге 14 миллиард еуро бөлді. Перудің орталық аймағында шелектеп жаңбыр жауып, артынша көшкін жүрді. Табиғи апат салдарынан 300-ден астам үй бүлінген. Көшеде лай-батпақтан аяқ алып жүру қиындаған. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Жергілікті биліктің айтуынша, небәрі 2 сағатта жауын-шашынның 1 айлық мөлшері түскен. Құтқару бригадасы қазір аймақта бірнеше техниканың көмегімен көшкін салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сайт - https://kokshetv.kz Instagram - https://www.instagram.com/kokshe.tv/ Facebook - https://www.facebook.com/kokshetv/ Twitter - https://twitter.com/Kokshe_TV Tik Tok - https://tiktok.com/@kokshe.tv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: https://qazaqstan.tv/app BirgeTV: http://qazaqstan.tv/birgetv