Келесі жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің жұмысына баға беруге болады
Келесі жылдан бастап қазақстандықтар мемлекеттік қызметшілердің жұмысына онлайн түрде баға бере алады. Ал рейтингі төмен шенеуніктердің жалақысы азаяды. Бұл туралы Цифрлық Үкімет қолдау орталығында өткен отырыста айтылды. Осылайша, 2029 жылға дейін барлық мемлекеттік органның жұмысы толығымен цифрландырылмақ. Егер азаматтар өздеріне қызмет көрсеткен мекеменің жұмысына көңілі толмаса, онлайн шағымдана алады. Бұл қағазбастылықтан арылып, жемқорлықтың алдын-алуға және білікті мамандарды іріктеуге сеп болады, - дейді сарапшылар. БАУЫРЖАН БОҚАЕВ – ҚР ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТА ЖАНЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР ЖЕТЕКШІСІ //АУДАРМА! Қазір біз мемлекеттік аппараттың жұмысын толығымен цифрландыру бағытында зерттеу жүргізіп жатырмыз. Бұл азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы өзара байланысты нығайту үшін аса қажет. Әрі ашықтықты қамтамасыз етеді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/