Кенен Әзірбаевтың шығармалары дәріптелді

01/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Биыл халық ақыны, жампоз жырау, дүлдүл күйші, белгілі композитор туғанына – 140 жыл. Осыған орай Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында танымдық іс шара өтті. Киіз үйдегі керемет кеште Кенен ақынның жыр, дастандары орындалып, өскелең ұрпақ рухани азық алды. Ұлттық нақышта безендірілген киіз үй. Қазақтың үкілі домбырасы. Күміс көмей әншілер мен жыр жампоздары. Бейне бір қаймағы бұзылмаған қазақы ауылға тап болғандайсың. Текті өнердің туын көтеріп жүрген Сырдың жыршы, жыраулары Кенен Әзірбаевтың шығармаларын нақышына келтіре орындады. Жырлап қана қоймай әрбір туындының шығу тарихына тоқталып, жастарға жан-жақты ақпарат берді. ӘЗИЗА ІЗДІҚҰЛОВА – ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Кітапхана ішіндегі қараша үйді таңдап, дәстүрлі өнерімізді насихаттауды жөн деп отырмыз. Тәлім тәрбиелік мәні өте зор деп ойлаймыз. ... «Боздаланың бозторғайы» атанған Кенен Әзірбаев композитор ғана емес, әнші, күйші, жыршы, суырып салма ақын әрі шежіреші. Өн бойына сан өнерді тоғыстырған тума талант иесі қазақ-қырғыз арасындағы үлкен жиындарға қатысып, ұлттық өнерімізді ұлықтаған. Тарихты парақтасақ, Кенен ақын Сыр шайырларымен де тығыз қарым қатынаста болған. Соның ішінде ән атасы Нартай Бекежановпен достығы, шығармашылық байланысы ерекше. АҚМАРАЛ НОҒАЙБАЕВА – ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ, ЖЫРШЫ Тарих беттерінен қара отырсақ Кененменен Нартайды Жамбыл бабамыз бірге алып жүрген өзімен. Нартай екеуінің арасы бір жас. Келесі жылы Нарекеңнін 140 жылдығы келеді.... Танымдық кеште кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандар Кенен Әзірбаевтың өмір жолымен қатар шығармашылығымен де етене танысып, мол мағлұмат алды. Әрине, мұндай шаралардың өскелең ұрпаққа берері мол. Жырға құмартқан, сөз қадірін білетін жастардың болашағы жарқын болары һақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par