Suivant

Корей халқы «Соллаль» мерекесін атап өтті

13/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Корей халқы жаңа жылды бір жылда екі рет қарсы алады. Бірі әдеттегі Григориан күнтізбесі бойынша болса, екіншісі ай күнтізбесі бойынша атап өтеді. Бұл мереке Соллаль деп аталады. Биыл осы мейрам 10 ақпанға түсті. Соллаль – корей халқы үшін жаңару мен жаңғыру мерекесі. Жаңа жылда жақындармен бас қосып, атап өту дәстүрге айналған. Жексенбіде Қызылордадағы корейлер қауымдастығы ұйымдастырумен мерекелік шара болып, салт-дәстүрлері насихатталды. Қонақтар корейлердің ұлттық тағамынан дәм татып, этномәдени бірлестік мүшелері концерттік бағдарламасын ұсынды. Сондай-ақ, дәстүрге сай үлкендер жас буынға түрлі кәдесыйлар табыстады. ИРИНА ЕН – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ //10 ақпанда біз Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылды атап өтеміз. Биыл айдаһар жылы кіріп отыр. Кореяда бұл мемлекеттік мереке. Қазақстан біздің Отанымыз және жақындарымызбен жаңа жылды да біз осында атап өтеміз. Жаңа ай туғанда жаңа жыл да келеді. ЛЮДМИЛА ЦОЙ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ //«Чисон» ансамблінде өнер көрсетемін. Біз жыл сайын шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылды қарсы аламыз. Мерекелік шарада өнер көрсетеміз. Менің жасым 75-те. Бүгін зейнеткерлерді төрге шығарып құрметтеп жатыр. Барлығына рахмет!// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant