Suivant

Кәсіп түбі - нәсіп

28/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Бас шаһарда соңғы жылдары шағын және орта бизнеске бет бұрған тұрғындардың қатары едәуір артқан. Мәселен, жыл басынан бері 1200-ге жуық адам өз кәсібін бастапты. Соның ішінде бірі үй жиһаздарын шығарумен айналысса, енді бірі тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жаратуды қолға алған. Жоғары технологиялы қондырғыны қосып қойып, жұмыс барысын тек бақылап тұратын дәрежеге Бауыржан Сәрсенов таяуда ғана қол жеткізді. Оның жиһаз жасаумен айналысып жүргеніне 9 жылдан асқан. Жастайынан ағаштан түрлі бұйымдар жасауды ермек ететін жас кәсіпкер алғашында өзіне және туыстарына жиһаз жасап беріпті. Одан соң өз қаражатына ағаш кесетін түрлі станоктар сатып алып, кәсібін кеңейткен. Қазір Тасбөгет кентіндегі шағын цехта 6 адам жұмыс істейді. Барлығы өзінің жақын туыстары. Әрқайсысының табысы түскен тапсырыс пен істелген жұмыс көлеміне қарай есептеледі. БАУЫРЖАН СӘРСЕНОВ – КӘСІПКЕР // Басты бағытымыз – кухонный гарнитур, прихожий, гардероб, шкаф, спальный деген сияқты жиһаздарды өндіреміз. Негізгі шикізатты клиент қандай материал таңдайды соған байланысты бар қалалардан алдыртып, жасаймыз. Негізінен тұтынушылар Арал мен Жаңақорған аудандарынан келеді. Алматы, Шымкент қалаларынан да бар. Енді бір үйдің жиһазын жасау 5-6 күн мен 1 ай уақыт кетеді. Алдағы уақытта цехтың ауқымын кеңейту жоспарда бар.// Ал, Наурызбек Ерниязов төрт жылдан бері тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, кәдеге жаратып келеді. Іскер жігіт алғашында пластикалық және алюминий құтыларды сығымдау машинасымен буып-түйіп, оны Алматы, Шымкент қалаларындағы зауыттарға жөнелтіп келген. Осылайша, қоқысты табыс көзіне айналдырған кәсіпкер өзі шағын цех ашып алыпты. Экокәсіпкер қайталама шикізатты жинаумен шектеліп қалмай, өндірісті де байқап көруде. Қазір ол қатты картонды өңдеп, А4 форматының қағазын шығарып жатыр. НАУРЫЗБЕК ЕРНИЯЗОВ – КӘСІПКЕР // Әуел баста көшедегі шашылған қоқыстарды қарап жүрдім. Сүйтіп интернетке жүгінсем осылай қоқыстарды өңдеумен айналысып жатыр екен. Сосын соған қызығушылық туындап, зерттедім. Бастамасында өзіміз көшеден жауя жүріп жинадық. Қазір күніне 4-5 тоннаға жуық қоқыс келіп төгілсе, соның жартысын өңдейміз. Өңдемейтіндерді пресстеп, басқа облыстарға жіеріп отырамыз. 7 адамды жұмыспен қамтығанмын.// Жалпы шағын және орта бизнесті дамыту маңызды бағыттардың бірі. Сондықтан кәсіп ашып, тірлік істеймін дегендерге мемлекет тарапынан демеу көп. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant