Suivant

Көлігіне дауыс зорайтқыш құрылғысын орнатқан

29/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жол ережесін өрескел бұзған тағы бір көлік жүргізушісі ұсталды. Бұл жолы желік қуған жас бала емес. Қырықтың қырқасына шыққан жігіт ағасы арнайы дауыс зорайтқыш құрылғыны көлігіне орнатып алып, көшедегі көлденең жүрісін көптің назарына ұсынған. 27-ші ақпан күні әлеуметтік желіде Тоқмағанбетов көшесінің бойында «Заз вида» автокөлігі арнайы дыбыстық сигнал құрылғысын пайдаланған бейнежазбасы тараған болатын. Аталған бейнежазба бойынша патрульдік полиция қызметкерлері мониторинг жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Көлік жүргізушісі 46 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Аталған дерек бойынша, темір тұлпар иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, көлігі айып алаңына қойылды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant