Suivant

Көлік салығын уақытылы төлеңіз!

17/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Бүгінде қала бойынша жеке тұлғалардан көлік салығына 410 миллион теңгеден астам берешек қалыптасқан. Қордаланған қарызды өндіру мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары қалалық полиция басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, күн сайын рейд жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде жыл басынан бері берешегі бар 104 салық төлеуші анықталып, бюджетке 6 млн 599 мың теңге түсім түсті. Ал, алты автокөлік айып тұрағына қойылса, оның ішінде 1 млн 700 мың теңге берешегі бар 1 көлік жеке сот орындаушылар арқылы берешегін өндіру мақсатында аукционға шығарылды. Салықтан жалтарып жүрген жүргізушілерді анықтау мақсатында рейд жұмыстары әлі де жалғасады. ТӨЛЕГЕН ҚАРАБАСОВ – ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ //Салық төлеушілердің телефонына хабарласу, мекен-жайларына бару, WhatsApp желісі арқылы смс хабарламалар жіберу сияқты түсіндіру жұмыстарының барлық түрлері жүргізіліп жатыр. Мұнан бөлек, ҚР Салық кодексінің 128 бабына сәйкес, 4600 салық бұйрығы қалыптасып, жеке сот орындаушылардың өндірісіне жолданды. Үстіміздегі жылдың 28 наурызы күні жеке тұлғалардың салық берешектерін өндіру мақсатында жыл басында облыстық прокуратура, жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы, облыстық ПД мен мемлекеттік кірістер департаменті төрт жақты меморандум бекітілді. Бірлескен бұйрыққа сәйкес, жұмыс тобы жасақталып, бүгінгі таңда рейдттік іс-шара жүргізілуде.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant