Suivant

КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА 1300 ЕРІКТІ ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖҮР

13/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Көшпенділер ойындарына шетелден келген туристерге еріктілер көмектесіп жүр. Шарада волонтерлерді бірден танисыз. Еріктілерге арнайы киім берілген. //Бізде 6 түрлі униформа бар. Ең бастысы ол футболка. Оның сыртынан бізге жемпір берілді. Оған қоса, күн суық болған кезде бізге желетка керек болады. Оған қоса, сөмке. Сусын, зарядка салуға арналған. Бұл – халықаралық додада қызмет етіп жүрген еріктілердің униформасы. Көшпенділер ойындарының логотипі таңбаланған бұл киім арнайы тапсырыспен тіктірілген. Жалпы әлем елдері көз тіккен жарысқа атсалысу үшін 4,5 мыңнан астам адам ниет білдірді. Оның ішінде АҚШ, Түркия, Германия, Франция және Гана Республикасының азаматтары да бар. Басты талап – ағылшын тілін білу. Еріктілер қонақтарды қарсы алу, ақпараттық сүйемелдеу және басқа да ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады. Қазір көшпенділер ойындары алаңында 1300 ерікті қызмет етіп жүр. ҮШБАТЫР АЛПЫСБЕС – ЕРІКТІ //World Nomad games бұл қазақ елінің тарихын, бұрынғы салт-дәстүрлерін ғана емес, барлық түркі елдерінің салт-дәстүрін қайта қалпына келтіріп, басқа әлемге жария ету үшін. Осы ойындардың мүшесі болуға өте қатты қуаныштымын. Сол үшін келдім.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant