Suivant

Мектеп қабырғасы опырылып түсті

10/09/24
QOSTANAI TV
Dans Asie / Kazakhstan

Әулиекөл ауданы Новонижен ауылындағы мектептің қабырғасы опырылып түсті. Оқу ордасының екінші, үшінші қабатының орта бөлігі үңірейіп қалған. Білім ошағында 300-ге жуық бала білім алады. Абырой болғанда, оқыс апат кезінде онда ешкім болмаған. Сабақ толықтай қашықтан оқуға көшірілді. Батыржан Кенжетаев атындағы жалпы орта мектебінде 55 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу жүргізілмеген. Осы жылдың маусым айынан бастап ғана құрылыс жұмыстары басталды. Ол үшін облыстық бюджеттен 479 млн теңге қаржы бөлінген. Алайда мердігер ұйым тиісті жұмыстарды кестеге сай орындамай, уақытынан кешіктірген, дейді сала мамандары. Оқу жылы басталған уақытта оқушылар амалсыздан мектептің бірінші қабатында білім алған. Сайт www.qostanaitv.kz Facebook - https://facebook.com/qostanaitv/ Telegram - https://t.me/qostanaitv Tik Tok - https://tiktok.com/qostanaitv VK - https://vk.com/qostanaitv Instagram - https://www.instagram.com/qostanaitv/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant