МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіріп, қолданыс аясын кеңейту маңызды міндеттердің бірі. Осы негізде «Orda» жоғары колледжінде ақпараттық-танымдық семинар ұйымдастырылып, тіл жанашырлары студенттерге қазақ тілінің қоғамдағы рөлі мен қызметін түсіндірді. Тіл туралы сөз қозғағанда, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының есімі қатар жүретіні белгілі. Себебі, ұлт ұстазы қазақ тіл білімінің іргетасын қалап, әдебиеттанудың негізін қалыптастырған тұлға. Семинарда белгілі ғалым, Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры Бижомарт Қапалбек баяндама жасап, Ахмет Байтұрсынұлы туралы қызықты әрі маңызды ақпараттармен бөлісті. Ал, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов тіл мәселесінің өзектілігін қозғады. Айтуынша, жаһандану дәуірінде жаңашылдыққа бет бұрған қазақ қоғамы үшін ана тілінің мәртебесін айқындап алған абзал. Ол үшін қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, мемлекеттік тіл саясатын дамытуда нақты бағыттар бойынша жұмыс істеу керек дейді. Ал филология ғылымдарының докторы Бекен Сағындықұлының пікірінше, ана тілінің мәртебесін арттыру үшін жас ұрпақ өз тілінде еркін сөйлеп, сауатты жаза алуы тиіс. Сондықтан, бұл бағытты терең талдап, нақты жұмыстар атқару қажеттігін тілге тиек етті. БЕКЕН САҒЫНДЫҚҰЛЫ – ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР //Бұл халықтық мәселе. Мемлекеттік тілге қатысты көзқарас қазіргі ахуал. Ойымызда жүрген біраз мәселелерді жастарға айтқандай болдық. Шын мәнінде қазақ барда тілі жоғалмайды. Тіл бүгінімен ғана емес, ертеңге қажет. Ал ертеңге әдемі тіл керек. Әдемі сөйлеу керек. Ол жас ұрпаққа тиісті міндеттердің бірі.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/