Suivant

Мерекеге қандай гүл сыйлаған жөн?

07/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қызылордада мереке қарсаңында гүлге сұраныс артты. Анасы мен жары, әпке-қарындастарын, қызметтес аруларды құттықтау үшін құшақ-құшақ гүл көтерген ер-азаматтарды көріп, көңілің марқаяды. Бұл олардың нәзік жандарға деген ілтипаты мен құрметі екені сөзсіз. Ал енді қыздарға қандай гүлдер ұнайды? Гүл таңдауда неге зер салу қажет? Тілшіміз Шакизат Жалғасқызы флора патшалығында болып келді. ШАКИЗАТ ЖАЛҒАСҚЫЗЫ – ТІЛШІ Жұпар иісі аңқыған бұл ғажайып орынды Гүл патшалығы дерсің. Голландия, Тайланд, Эквадор, Қытайдан жеткізілген алуан гүлдер арулар секілді құлпырып тұр. Бұлар да еркелеткенді,жылы сөзді, музыканы жақсы көреді екен. Сондықтан сауда орнында әсем әуен ойнап, әдемі гүлдер жанға шуақ сыйлап тұр. Мынау гүлдердің патшайымы – Раушан. Жалынды махаббаттың, сұлулықтың нышаны. Ерекше композицияны алған да, алмаған да арманда. Ал, қызғалдақ – наурыздың басты нышаны десек артық айтқандық емес. Сондықтан мереке қарсаңында әсіресе ерлер қауымы гүл таңдауда біраз әбігерге түсіп, бірі талғамына, енді бірі қалтасына сай сатып алып жатыр. //Өзіміздің сыныптастарымызға, апайларымызға гүл алып жатырмыз.Барша әйел қауымдарына 8 март құтты болсын / ауырмай-сырқамай жүре беріңіздер,арамызда күліп-ойнап жүре берсін. //Мінекей,ақ раушан гүлдерін алып жатырмын қызыма, жолы ақ болсын,болашағы ақ болсын деп барша осы аруларды,қыз-келіншектерді, 8-наурыз халықаралық қыздар мерекесімен құттықтаймын //Ойыншықты қызым бар, соған алып жатырмын. «Қыздар,қыздар»қызғалдақты гүлдер» дейді ғой, сол гүлдерді сыйлаумен өтті ғой,бойдақ күндер. Қазір бойдақ емеспіз,әйеліме,қызыма алып жатырмын. Флористер көпшіліктің көңілінен шығу үшін барын салуда. Гүлдің дизайны, безендірілуі, тіпті бағасы да ескеріледі. ӘЛІШЕР АҚТАЙ - ФЛОРИСТ //Негізі үлкен кісілерге, әжелерге,комнатный үй гүлдері көбінесе соларды сыйлайды. 00.35 Комнатный гүлдер әртүрлі болады. Долларлар, колонхоэ деген гүлдер бар,шифлера әртүрлі. Қыз балаларына қызыл раушандар,махаббат символын білдіреді және ақ тюльпандар достықтың символын білдіреді. Бізде негізі ,ассортименттер өте көп. Экзотика деп аталады. Экзотика ішінде әртүрлі гүлдер бар. Хризантема, Гартензия тәрізді. Гүлдің бәрі әдемі. Ең бастысы оны шын көңілмен сыйлау. Ал, құшағы гүлге толған жан әлбетте бақытты күй кешіп, өзі де ерекше құлпырып шыға келеді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant