МӘЖІЛІСТЕ САЛЫҚ ПЕН БЮДЖЕТКЕ ҚАТЫСТЫ ҚАУЛЫ ЖОБАЛАРЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Елімізде келесі жылы бюджет тапшылығы төрт триллион теңгеден асып кетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында айтылды. Каникулдан оралған депутаттар 8 қаулы мен 2 заң жобасын қарап, мақұлдады. Олардың арасында Салық кодексі бойынша қорытынды әзірлеу және салық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулылар бар. Баяндамашы депутаттың айтуынша, құжатты талқылап, әзірлеу кезінде мынадай бастамалар іске аспақ. Салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдердің саны қысқарады. Әрі салық режимдері оңтайландырылып, жеңілдіктерге талдау жүргізілмек. ТАТЬЯНА САВЕЛЬЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ //Сондай-ақ салық саласында әкімшілендіруді жетілдіруге қатысты жұмыстар жүреді. Бұл мемлекет басшысының жолдауда берген тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. Мәжіліс комитеті бұл заң жобаларын талқылауға алып, олар бойынша қорытынды әзірлеуге дайын// Бұдан бөлек, Ұлттық қордан трансферт және 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжаттар да ратификацияланды. Татьяна Савельеваның айтуынша келер жылы бюджетке 21 триллион 700 миллиард теңгеден астам қаржы түседі деп жоспарланған. Ал шығыс әлдеқайда көбірек. 25 триллон 800 миллиард теңге. Яғни бюджет тапшылығы 4 триллион теңгеден асады деп күтіліп отыр. Ал Ұлттық қордан аударылатын қаржы 5 триллион теңгеден асады. Президент тапсырмасына сай, алдағы жылдары оны азайту көзделген. ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ //Жолдауда айтылған көптеген мәселе заңнамалық тұрғыдан қолдауды қажет ететінін көріп отырмыз. Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін бізге әр депутаттың, әрбір фракцияның қажырлы еңбегі қажет. Сондықтан біз бар күш жігерімізді жұмсайтын боламыз. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/