Suivant

Нартай салған ізбенен

27/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Күй күмбірлеп, ән асқақтаған кеш. Жыраулар үйінде Шиелінің «Нартай көші» концерт қойды. МҰХАММЕДӘЛІ БЕКПЕЙІСОВ - ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ «НАРТАЙ ӨНЕР ҮЙІ» КМК ДИРЕКТОРЫ «Жыраулар үйі ашылғалы біз бірінші рет табан тіреп жатырмыз. Жыраулар үйі алға қарай баса берсін, шығармашылық табыс тілеймін. Нартайдың әндері және Нартайдың айналасындағы Есенбек, Иманжүсіп, Арқаның үкілі Ыбырайы, Жетісудың кенен Әзірбаевы осы кісілердің барлығының шығармашылығын қамтитын боламыз. Нартайдың ағасы Мәнсүр Бекежановтың да бірнеше шығармаларын орындайтын боламыз». Сырнайымен дала төскейін ән мен жырға бөлеген Нартайдың мұрасы халық арасында кеңінен тараған. Жыраулар үйіне Шиеліден келген өнерпаздар қызылордалықтарды ән-жырмен сусындатты. НҰРТІЛЕК АҚТАЕВ - ЖЫРШЫ «осындай оқушыларға, өнерпаздарға мүмкіндік беріп жатқан «Жыраулар үйіне» көптен-көп алғысымызды айтамыз. Біз жалпы Нартайдың туындыларын шамамыз жеткенше оқушыларға, өзімізге бөліп-бөліп барлығын көрсетеміз деген үмітпен келіп отырмыз». Әсем өнерді дәріптеп жүрген жыршылардың өнеріне тәнті болған Қызылорда жұрты бір серпіліп қалды. Өнер де бір миуа бақ секілді, оны баптап-күтіп отырмасаң, жайқалып өсуі мүмкін емес. Сондықтан Жыраулар үйі өнерпаздардың басын қосып, бабалардан қалған аманат өнердің өрісін кеңейтіп, насихатын арттыратын рухани орынға айналуды көздеп отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant