Suivant

Н.НӘЛІБАЕВ: ҒИМАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ МЕН СЫРТ КЕЛБЕТІНЕ МӘН БЕРУ КЕРЕК

06/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

«Жаңадан бой көтеретін әлеуметтік нысандарда тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалуы керек. Сондай-ақ, құрылыс сапасы басты назарда болуға тиіс». Бүгін құрылыс саласына қатысты жиын өткізген облыс әкімі осындай тапсырма берді. Кездесуге басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдері, құрылыс және жобалаушы компаниялардың өкілдері қатысты. Нұрлыбек Нәлібаев өңірдегі құрылыс нысандарының жобаларын талдайтын кеңес жұмысын қайта жандандыруды тапсырып, атқарылуы тиіс бірнеше бағыттарды айқындап берді. Былтыр облыста бірнеше әлеуметтік нысан бой көтеріп, халық игілігіне пайдалануға берілді. Нақты сандарды сөйлетсек, өткен жылы 177 жобаны жүзеге асыруға 87,1 млрд.теңге қаржы бағытталған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артық. Десе де, кей ғимараттардың сапасы мен сыртқы келбеті көңіл көншітпейді. Осы орайда құрылыс нысандарының жобаларын талдайтын кеңес жұмысын күшейту көзделіп отыр. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Сапаға жұмыс жасайық. Бұған дейін кеткен кемшіліктердің барлығын орнына келтірейік. Жасаған ғимараттарыңыздың, салған құрылыстарыңыздың барлығын саралап шығыңыздар. Сапасыз жасаған жұмыстарды қалпына келтіріңіздер. Аудандар мен басқармалармен хабарласын. Алдағы жасалатын жұмыстарға қатаң бақылау орнатыңыздар. Елді мекендерде бой көтеретін әлеуметтік нысандардың сырт келбеті ауылдың ажарын айшықтап тұруы тиіс. Бұрынғы қатып қалған қағидамен шектеліп қалуға болмайды. «Себебі, құрылысты жобалаудағы ескі тәсілдер ел дамуын тежеп отыр. Сондықтан, қазіргі заманға сай салынуы керек. Сыртқы келбетіне де аса мән беру маңызды. Ол үшін жан-жақты ізденісті арттыру қажет,» - деді Нұрлыбек Нәлібаев. Сондай-ақ, жаңадан бой көтеретін ғимараттарды ауылдың сыртына салмауды тапсырды. Себебі, оған инфрақұрылым жеткізу бір шығын болса, тұрғындар үшін қашыққа қатынау тіптен қолайсыз деді. Бұл мәселелерді реттеп отыруды құрылыс нысандарының жобаларын талдайтын кеңес жұмысына тапсырды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant