ОБЛЫСТА ЖЕДЕЛ ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ
Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты облыста жедел штаб құрылды. Сондай-ақ, 55 - 10 - 99 қауырт желісі іске қосылды. Ол тәулік бойы жұмыс істейді. Ал, аймақтағы азаматтық қорғау қызметтері құтқару жұмыстарын жүргізуге тас түйін дайын. Әкімжан Жолтаевтың репортажында толығырақ. ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ-ТІЛШІ Облыстағы азаматтық қорғау қызметкерлері көршілес өңірлерге көмек көрсетуге әзір. Бүгін қажетті техника мен жеке құрам дайындығы пысықталды. Қызылордалық құтқарушыларға Алматы қаласындағы Түрксіб ауданы бекітілген. Төтеншеліктер қажет болған жағдайда жолға шығуға әзір НҰРСҰЛТАН ИБРАГИМОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Азаматтық қорғау қызметкерінен қазіргі таңда 4632 адам, 799 бірлік техника жұмылдырылады. Ал, ТЖД күш пен құралдарынан 173 жеке құрам, 17 бірлік техника аталған аймақта авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге дайын ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ-ТІЛШІ Қызылорда облысы да сейсмикалық аймаққа жатады. Соның ішінде Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандарында қауіп басымырақ. Бірақ қазіргі сәтте облыста жағдай тұрақты. НҰРСҰЛТАН ИБРАГИМОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Облысымызда қазіргі таңда тіршілікті қамтамасыз ету мекемелерінің бәрі тұрақты түрде жұмыс атқаруда. Сейсмикалық орталықпен хабарластық қазіргі таңда аймағымызда жер сілкіну тіркелген жоқ. Жағдай бірқалыпты. Қазір жаңа айтып өткендей жедел штаб құрылды. Күшпен құралдардың барлығы жоғары дайындықта ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ-ТІЛШІ: Айта кетейік, табиғи апат кезінде ең алдымен үрейге бой алдырмауға тырысу керек, дейді мамандар. Сондықтан алдағы уақытта сейсмикалық қауіп бар өңірлерде оқу-жаттығу өткізу жоспарланып отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/