Suivant

Облыста 723 адам банкроттыққа өтініш берген

05/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Өңірімізде жыл басынан бері «соттан тыс банкроттық» рәсімі бойынша 6 мыңнан астам тұрғыннан арыз түскен. Соның 723-і eGov және e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы өзін «банкрот» деп жариялау туралы өтініш білдіріпті. Қарызға белшесінен батқандар үшін банкроттықтың үш түрі бар. Соттан тыс, сот арқылы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Мәселен, соттан тыс банкроттық екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктер алдындағы берешегі бойынша ғана қолданылады. Бірақ, басты шарт: қарыз 5 млн. 520 мың теңгеден аспауы тиіс. Өтініш беруші азаматтың атында дүние-мүлік болмауы маңызды. Сондай-ақ, соңғы 12 айда несиесі өтелмеген болуы керек. Ал, берешегі бар борышкердің қарызы 5 млн. 520 мың теңгеден асса, сот банкроттығына өтініш бере алады. Бұл рәсім: барлық кредиторлар алдындағы қарыздың түрлері бойынша сотта жүргізіледі. Сот банкроттығы барысында борышкердің мүлкі саудаға салынады. Жалғыз тұрғын үйі кепіл болса, онда кредитор оны алып қоюға құқылы. Айта кетейік, банкроттық рәсімдеу кезінде борышкердің банк алдындағы берешегі өспейді. Ал, банкрот деп танылған жағдайда қарызы толықтай кешіріледі. Алайда, банкроттықты пайдаланып, құйтырқы жолмен қарызынан құтылып кеткісі келгендер болса, қатаң бақыланатын болады. Ескеретін жәйт, банкроттыққа құжаттарды рәсімдеу ақысыз негізде жүргізіледі. ГҮЛМИРА ЕРТАНОВА – ОБЛЫС БОЙЫНША МКД БӨЛІМ БАСШЫСЫ Егерден соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық рәсімін қолданған жағдайда 5 жыл мерзімге дейін несие рәсімдей алмайды.Әрі қарай 2 жыл банк тарапынан мониторинг жүргізіледі. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant