Облыстық перинаталдық орталығының қызметімен танысты
Президент кеше облыстық перинаталдық орталығының қызметімен танысты. Медициналық нысанда жылына 8200 нәресте дүниеге келіп, 13 мыңнан астам адам ем алады. Сонымен қатар «Аңсаған сәби» жобасы аясында жылына 130 ЭКО жасалады. 200 баланы оңалту шараларымен қамтуға мүмкіндік бар. Президентке орталықта туа біткен сырқаты бар нәрестелерге 50 кардиохирургиялық және офтальмологиялық ота жасалғаны туралы мәлімет берілді. Орталық ашылғанға дейін мұндай диагнозы бар сәбилер Астана қаласында емделген. Қасым-Жомарт Тоқаевқа мекемеде жыл басынан бері жүзеге асырылып жатқан «Бір күндік клиника» жобасы таныстырылды. Аталған бастама қанмен берілетін ауруларды ерте бастан анықтауға көмектеседі. Осы жоба аясында бүгінге дейін 6 мың әйел медициналық тексеруден өткен. Мемлекет басшысы мекеме қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың жұмысына табыс тіледі. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews