Suivant

ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

01/05/24
Dans Asie / Kazakhstan

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы лауазымына Бекешева Әлия Аюпқалиқызы тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Әлия Аюпқалиқызы 1995 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде «гигиенист - эпидемиолог» мамандығын тәмәмдаған. Еңбек жолын 1995 жылы Атырау облысы Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер-эпидемиологы болып бастаған. 1995-2013 жылдар аралығында Атырау қалалық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында түрлі лауазымдарда, дәрігер-эпидемиолог, санитарлық дәрігер, еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы бөлімдерінің басшысы болып жұмыс істеген. 2013 - 2021 жылдар аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы, бөлім басшысы қызметтерінде болды. Ал 2021 жылдан тағайындалғанға дейін аталған департамент басшысының орынбасары қызметін атқарды. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant