Suivant

ОБЛЫС ӘКІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

29/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапарымен Сырдария ауданына барды. Амангелді, Айдарлы, Жетікөл ауылының тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды баяндады. Халықтың талап, тілегін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Өңірде ауылды дамытуға айрықша көңіл бөлініп жатыр. Мәселен, биыл 12 елді мекенге газ тартылса, келесі жылы барлық ауыл сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Мұнан бөлек, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» және «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бірқатар әлеуметтік нысандар салынуда. Атқарылған жұмыстарға оң бағасын берген тұрғындар облыс әкіміне өздерінің ұсыныс, тілегін де жеткізді. Қатар жатқан үш ауылға ортақ мәселе - көгілдір отын. Тұрғындар Амангелді ауылына аурухана салынса,- дейді. Сонымен қатар жиында қалаға қатынайтын қоғамдық көлік мәселесі де көтерілді. Жиын соңында елдің бірлігін сақтап, татулықтың кепілі болып жүрген ақсақалдар мен ауылдың дамуына үлес қосып жүрген тұрғындар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant