Suivant

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАҢА ӘУЕЖАЙДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

24/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңадан салынып жатқан әуежай терминалының құрылысымен танысты. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Әуежай - аймақтың негізгі қақпасының бірі. Жаңа терминалдың құрылысы былтыр ақпан айында басталған болатын. Халықаралық талаптарға сай салынып жатқан нысан Болат Өтемұратов қорының қаржыландыруымен жүзеге асуда. Ғимараттың жалпы аумағы 7,5 мың шаршы метр. Жылына 220 мың жолаушыны қабылдауға қауқарлы. Нысан нақты іске қосылғанда 60-тан астам тұрақты жаңа жұмыс орны ашылмақ. Облыс әкімі құрылыстың сапалы жүргізілуіне мән беруді тапсырды. Тиісінше абаттандыру, әуежай маңын көгалдандыру ісі де бақылауда екенін айтты. Шыңдалған шыныдан жасалған қос қабатты әуежайда халықаралық рейстерді жүзеге асыру да жоспарда. Терминалда телескопиялық өтпе жол, эскалаторлар мен лифттер, жүктерді тапсыру мен өңдеудің автоматтандырылған жүйесі қарастырылған. ЖӘНІБЕК СЫЗДЫҚОВ - ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Тапсырылу уақыты 2024 жылдың мамыр айы деп жатырмыз. Қазіргі таңда әуежай құрылысының жалпы көлемінің 90 пайыз жұмысы бітіп тұр. Әуежай құрылысының жоба құны 15 млрд 700 млн теңге және облыстық бюджеттен қосымша 4 млрд 300 млн теңге инфрақұрылымдық желілер тартуға. Қазіргі таңда инфрақұрылымдық желілер 100 пайызға толық бітіп тұр. Тек осы әуежай кіреберіс жолы мен абаттандыру жұмысы қалып тұр. Оны да тиісінше дер кезінде бітіреміз деген ойдамыз. // Әуежайға қажетті инфрақұрылымдық желілер облыстық бюджет есебінен толықтай тартылған. Қазіргі таңда ішкі жұмыстар атқарылуда. Жалпы құрылыс мамыр және маусым айларында аяқталады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant