Олжалы 30 жыл

20/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс орталығындағы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей интернатының құрылғанына биыл – 30 жыл. Осыған орай Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында ұстаздарға құрмет көрсетілді. №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей интернаты 1994 жылы «Ақмешіт қазақ-түрік қыздар лицейі» болып құрылып, өңірде шет тілдерін тереңдетіп оқытатын оқу ордасына айналды. Білім беру ісінде өзіндік қолтанбасы қалыптасқан оқу ошағы 2014 жылы аймақта алғашқы болып «Орта білім беретін үздік ұйым» номинациясын иеленді. Мұнан бөлек, мектеп оқушылары жыл сайын пәндік олимпиадалар мен ұлттық біріңғай тестілеуде жоғарғы өреден көрініп жүр. Бұл ретте саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздардың еңбегі ерен. АСҚАРБЕК ЕСЖАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Кез-келген ұстаздың бағындырған биіктігі шәкіртінің алған асулары мен биіктігімен өлшенеді. Қызылорда қаласынан халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысқан түлектеріміз АҚШ, Бразилия, Түркия, Грузия елдеріндегі білім сайыстарында 16 алтын, 13 күміс, 30 қола медальдарын иеленген. Әрине бұл үлкен жетістік.// Отыз жыл ішінде «Білім-инновация» лицей интернатын 12 директор басқарған. Ал, мектептің негізі қаланған сәттен жұмысқа қабылданған қызметкерлер қазір зейнет жасында. Саналы ғұмырында баланың бағбаны бола білген ардегер ұстаздар салтанатты шараның төрінен көрінді. ХАМИЛА ӘЛИАКБАРОВА – Ы.АЛТЫНСАРИН ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРІ, АРДАГЕР ҰСТАЗ // Білім арқылы Түркия мен Қазақстан арасында алтын көпір салды. Бірақ ол кісілер жас келді, тәрбилешілер де, мұғалімдер де. Соларға қамқоршы әрі ақылшы боласын деп жіберген болатын. Сол сенімнен шығамын деп мен бүкіл қиындыққа төздім. Өйткені бізде ол кезде жылу да, жарықта, тамақтын сапасы да болған жоқ. Бірақ менің қыздарым соған төзді, көнді. Өйткені білім алу үшін келді. Жеңіп шықты қиындықты. Одан кейінгі жағдайлар керемет болды ғой. Білім ордасы 30 жыл ішінде дарынды балаларға даңғыл жол ашты. Бүгінге дейін білім ұясынан 1011 түлек түлеп ұшқан. Оның 147-cі «Алтын белгі», 247-cі «Үздік» аттестатты иеленген. Жыл сайын лицей түлектері шетелдің жоғары оқу орындарының және Халықаралық стандарттарға сай білім беретін университетінің грантын жеңіп алады. Биылғы оқу жылын 45 оқушы тәмамдап отыр. Салтанатты жиында өнерпаздар әуелете ән шырқап, мың бұрала би билеп мерейтойдың шырайын келтірді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par