Suivant

Орталық алаң тұрғындардың тынығатын орнына айналды

26/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Орталық алаң жаңа кейіпке енді. Көздің жауын алатын жарық-шамдар айналаға әдемі рең беріп, көгалдандыру жұмысы айналаның ажарын айшықтай түскен. Ал, ойын алаңқайы балақайлар мен ата-аналарға қуанышты жаңалық болды десек те болады. Осылайша қайта жаңғыртылған орталық алаң тұрғындардың ең көп шоғырланған орнына айналып үлгерді. Шыны керек, бұрын орталық алаң тек мереке күндері думанға бөленетін. Ал, қазір, тұрғындар үшін демалыс орнына айналды. Себебі, серуендеуге барлық мүмкіндік қарастырылған. Әсіресе, субұрқақтың айналасында ығы-жығы халық. Себебі түнгі уақытта ол тіпті түрлене түседі. АЛМАСХАН БАТЫРХАНОВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ // Площадьқа осымен екінші рет келіп тұрмын. Бірінші кешкі уақыта келгенмін. Кешкілік өте керемет, жап-жарық. Маған өте қатты ұнады. Қызылорда қаласында тұрғаныма біраз уақыт болды. Қызылорда, көркейіп, өсіп, дамып жатыр. Қуанышытымын. Байқасаңыз, соңғы жылдары облыс орталығын көгалдандыруға маңыз беріп келеді. Мәселен, орталық алаңға бірқатар ағаш түрінен тал шыбықтары отырғызылған. Күтімі болса, алдағы уақытта бұл маң нағыз саябаққа айналмақ. Қазіргі таңда алаңды абаттандыру жалғасуда. Айта кетейік, қала қонақтары мен тұрғандары үшін орталық алаңда тегін вайфай жұмыс істеп тұр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant