Suivant

ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС

04/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыстық жастар орталығының ғимаратында ерекше сайыс өтті. Қала күніне орай отбасылық квиз ұйымдастырылып, жанұялар ой жарыстырды. Бақыт Наурызбаева – 60 жаста, он немеренің әжесі. Көпбалалы ана шаруасынан бір сәтке қол үзіп, ұл-қызымен бірге отбасылық квизге келіпті. Баласы зияткерлік сайысқа қатысуға ұсыныс айтқанда, бірден қабыл алдым дейді. БАҚЫТ НАУРЫЗБАЕВА – САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ Балам, қызым үшеуміз келіп отырмыз. Өте жақсы ұйымдастырылған. Бастапқыда сұрақтар жеңілдеу болды. Бара-бара қиындап бара жатыр. Төрт балам бар, екі ұл, екі қызым бар. Үйде немере бағып отырған әжемін. Баламның өтініші бойынша, мама барайық деген соң келдім. Бұрын-соңды мұндай жырсқа қатысып көрген жоқпын. Бірінші рет келіп қатысып жатырмын. «Зияткер отбасы» сайысы 6 турдан тұрды. Жалпы, ой додасында 8 команда бақ сынады. Олар тарих, әдет-ғұрып, математика бойынша сұрақтарға жауап беріп, логикалық сауалдардың шешімін іздеді. ЖАҒЫППАР ТАЖМАХАНОВ – ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Отбасылардың өзара ынтымақтастығын арттыру, дамыту мақсатында, интеллектуалдық отбасы дегеніміз бұл интеллектуалдық ұлтты қалыптастырады. Ұйымдастырып отырған квизіміздің мақсаты да осыны көздейді. Квиз қорытындысымен «Сыр білімі» командасы үшінші орынды иеленді. Екінші орынға «Орда бас» тобы қол жеткізсе, ұстаздардан құралған «Инсайд» командасы жеңімпаз атанды. АИДА ЖАҚСЫЛЫҚОВА – ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ Көңіл-күй өте керемет. Себебі біздің кәсіби мерекеміз. Мейрамымызда коллегаларымызбен келіп, бірге ойнадық. Білім жеңді деп ойлаймыз. Командада бес ада болды, бесеуінің де өз үлесі бар. Өзіміздің білгірлігімізді көрсете алдық деп ойлаймын. Үздік үштіктің қатарынан көрінген команда 60 мың теңге ұтып алды. Екінші орынға 80 мың, бірінші орынға 100 мың теңгеге сертификат табысталды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant