Suivant

ОТШАШУ АТҚАНДАР 69 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ АРҚАЛАЙДЫ

29/12/23
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Түнгі сағат оннан кейін отшашу атқан жеке тұлғаларға 69 мың теңге айыппұл салынады. Себебі, бұл уақытта фейерверк қолдану заң бойынша адамдардың түн тыныштығын бұзу болып есептеледі. Естеріңізге салайық, бүгінде республика бойынша «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Қазір елімізде, отшашуларды өндіріп, оларды сатумен айналысатын 40-тан астам заңды тұлға тіркелген. "500-ден басталады да ең қымбаты 60 мыңға дейін. Міне мыналар: 60 мың, 35 мың. " Темірхан Зерде екі-үш жылдан бері пиротехникалық бұйымдарды сатумен айналысады. Бір ай бұрын Полиция бөлімшесінен рұқсат қағазын да алған. Алайда, жеке кәсіпкер келесі жылдан бастап отшашуларды сатуды мүлде тоқтатамын деп отыр. ТЕМІРХАН ЗЕРДЕ - САТУШЫ «Клиенттер жылдан жылға азайып жатыр. Біреулер қорқады. Қазір көбі жаңа жыл тойламайды. Артық ақша шығарғысы келмейді. Сол енді ақырын-ақырын өтеді. Қырып сатып жатқанымыз шамалы». Полиция департаменті пиротехникалық бұйымдарды заңсыз саудалайтындар 31-желтоқсанда көбейіп кететінін жасырмады. Оларға биыл 86 мың 250 теңге мөлшерiнде айыппұл көзделген. Ал тәртіп сақшылары осы айдың 25-нен бері сауда орындарын тексеріп, күшейтілген рижемде жұмыс істеп жатыр. Астанада екі күннің өзінде сертификатталмалмаған отшашуларды сатқан 7 адамға хаттама толтырылды. МИРХАТ ОРАҚБАЕВ - БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАЙОРЫ «Ағымдағы жылдың 25 желтоқсаны мен 2024 жылдың 3 қаңтар аралығында Астана қаласы бойынша пиротехника жедел профилактика іс-шарасы өтуде. Іс-шараның басты мақсаты- қоғамдық тәртіпсіздікті болдырмау, оқыс-оқиға орнына жедел жету және заңсыз сауда-саттықты болдырмау болып табылады». Отшашуларды алған кезде сатушыдан өнімнің сертификатын талап етіңіз. Оған қоса пиратехниканың қорабында мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулық міндетті түрде болуы керек, дейді орган өкілдері. Ал кәмелет жасқа толмаған балалар жарылғыш бұйымдарды пайдаланса ата-анасына 70 мың теңге айыппұл салынады. Бизнес субъектілері үшін 345 мың теңге көзделген. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant