ОТ ШАШАМЫН ДЕП, ОПЫҚ ЖЕМЕҢІЗ!
Жаңа жылдық мереке қарсаңында пиротехникалық өнімдердің саудасы қыза түсті. Осыған байланысты төтеншеліктер тауарды сатып алмастан бұрын, алдымен оның сертификатталған өнім екеніне көз жеткізу керектігін қаперге салуда. Тақырыпты әріптесім Мақсат Кәрібай тарқатады. Жасыратыны жоқ, жаңа жыл қарсаңында пиротехниканы дұрыс пайдаланбау салдарынан жарақат алу жағдайлары көбейеді. Жазатайым оқиғалар көбіне қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамау нәтижесінде орын алады. Сондықтан оның сапасына баса мән беріп, әсіресе сақтау мерзімі мен тауардың тұтастығына назар аудару керек дейді мамандар. ҒАБИТ БАБАЕВ – ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ Бұйымды пайдалану нұсқаулығын ерінбей мұқият оқыңыз. Есіңізде болсын, өзіңізге таныс және қарапайым пиротехникалық бұйымның өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін; фитильді қол созым ара қашықтықта тұтандыру қажет; көрермендер нақты пиротехникалық бұйымды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген қауіпті аймақтан кемінде 20 метр қашықтықта орналасуы қажет. Сонымен қатар қатаң тыйым салынады, яғни:тұтындырылған пиротехникалық бұйымдарды қолда ұстауға; Осы орайда қала тұрғындарына пиротехниканы дұрыс пайдалануды білесіз бе деген сауалымызды қойып көрдік. Бұрын кішкентай кезімде ататынмын салют. Қазір атпайм. (Тілші: Қауіпсіздік ережелерін білесіз бе?) Қандай ережелер бар? Балаларға атуға болмайды соны білем. Салют атпаймыз біз. Атпаған соң білмеймін. Балаларға да атқызбаймын. Балаларға атқан дұрыс деп санамаймын. Қауіпті ғой. Жарылып кетсе қолын жұлып кетеді. Қауіпсіздік ережелерін білесіз бе? Білмеймін. Атпаймын өзім. Жаңа жылда салют атпаймын негізі. Бірақ, ережелерді сақтап пайдалану керек қой. Денеден алшақ ұстап, ашық жерде ату керек. Айналада ағаш, тал болса жанып кетуі мүмкін. Балаларға атпаған дұрыс. Бірінші желтоқсаннан бастап төтеншеліктер тәртіп сақшыларымен бірге сауда орындарына барып, тауарлардың сапасы мен сертификатын тексеруде. Бүгінге дейін пиротехникаға қатысты заң бұзушылықтар тіркелмепті. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/