Suivant

ОҚУШЫНЫҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

08/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Шиелі ауданы Шеген Қодаманов ауылында 16 жастағы Ерасыл Төребаевты өлтірді деген күдікпен қамауға алынған екі ауылдасына қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушылардың бірі сот залынан қылмыстық жауапкершіліктен босатылса, енді бірі 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айырылды. Қоғамда резонанс тудырған қайғылы оқиға 18 мамыр күні орын алған. Сол күні жоғары сынып оқушылары өздерінен кіші жасөспірімдерге «амандаспағаны» үшін әлімжеттік көрсетіп, оларды соққыға жығады. Салдарынан 9 сынып оқушысы Ерасыл Төребай оқиға орнында тіл тартпастан көз жұмды. ДӘУРЕН ТАЙЫРОВ - ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТ ӘКІМШІСІНІҢ БАСШЫСЫ «9 сынып оқушыларын ауыл сыртына апарып сөйлесу барысында, сотталушы Ж өзінен төмен оқитын 9 сынып оқушыларын бет тұсынан бір мәрте бір қатарда тізіліп тұрған кәмелетке толмаған балаларды шапалақпен ұрған. Содан кейін сотталушы Қ жасөспірімдерді кеуде тұстарынан ұрып келе жатқан кезде, бесінші болып қатарда тұрған кәмелетке толмаған жәбірленушіні қасақана соққысымен ұрып, жүрек рефлекторының тоқтауына әкелген. Марқұм оқиға орнында қайтыс болған». Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде екі оқушы қамауға алынған болатын. Қос жасөспірімге қатысты бүгін сот үкімі шықты. АСХАТ САБЫРОВ - ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ 293-бап бойынша екеуі де жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды. ҚК-тің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес міндетті түрде орташа қылмыс жасаған жағдайда жәбірленушімен татуласса, зиянның орнын толтырса онда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы тиіс. Осыған сәйкес бұзақылық бабы бойынша 293-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша екеуі де қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Кәмелетке толмаған сотталушы Құрманбаев ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен кәнілі деп танылып, 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айрылсын». Сот Үкімі әзір заңды күшіне енген жоқ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant