Парижде 80 спортшы ел намысын қорғайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Туризм және спорт министрін қабылдады. Ермек Маржықпаев президентке ел спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы мен лицензиялық турнирлердің қорытындысы жайында есеп берді. Министрдің айтуынша, Қазақстан құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды. Ал мемлекет басшысы Олимпиада ойындары спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды. ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ Министрлік тарапынан спортшыларға жасалып жатқан жағдайлар, спортшылардың жеке жоспары олимпиада формасы туралы айтылды. Президентке ұлттық құраманы олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары жайында ақпарат берілді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/