Suivant

Парламент Қазақстан мен Катар арасындағы құқықтық көмекке қатысты заңды мақұлдады

09/03/25
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сенатта Қатар мемлекетінде жасырынып жүрген қылмыскерлерді елге қайтару жөнінде келісім қаралды. Бұл құжат бір жыл бұрын Доха қаласында бекіген. Бұдан бөлек, депутаттар екі ел арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы заңды талқылады. Онда күдіктілердің кінәсін дәлелдеуге бағытталған іс-қимыл алгоритмі пысықталды. Яғни, қажет болған жағдай қылмысқа қатысы бар куәгерлерді, жәбірленуші мен сарапшыларды шақырту көзделген. Бұл арқылы тараптар құқықтық ынтымақтың тиімділігін арттырып, екіжақты қатынастарды нығайтпақ. МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ //Бүгін қабылданған заңдар екі елдің құқық саласындағы ынтымақтастығының нығайтуды көздейді. Бұл келісімдер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Алдағы уақытта аталған заңдар екі елдің қылмысқа қарсы күрес жолындағы бірлескен қызметінің тиімділігін арттырады деп сенеміз. // Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant