ПАЦИЕНТ ПАЛАТА ТАЗАЛЫҒЫНА ШАҒЫМДАНДЫ

15/01/24
Dans Asie / Kazakhstan

Атыраудағы жұқпалы аурулар ауруханасында тазалық сын көтермейді.Жуылмаған төсеніштермен лас төсекте жатырмыз дейді емделушілер.Ауруханаға келіп ауру жұқтырып аламыз ба деген пациенттер тез арада облыстық денсаулық сақтау басқармасынан жағдайды реттеуді сұрайды.Медициналық мекемедегі әбден тозығы жеткен жабдықты қолдану мүмкін емес деген тұрғын оны бейнежазбаға түсіріп,наразылығын желіге жариялады.Қираған керуеттер мен жихаздардың тозығы жеткен.Тұрғынның шағымына жауап берген дәрігерлер ,қазір емделушілердің тым көптігін айтып ақталды.185 адамға шақталған нысанда 200 ден аса пациент ем қабылдап жатқан көрінеді.Ал ағымдық жөндеуді бастауға 14 миллион теңге қаражат бөлінген.Қазір науқастарды көшіретін жер жоқ.Сол себепті жағдай қызылша вирусының беті қайтқанда ғана ретттеледі дейді ауруханадағылар.Ал төсек орын әр науқасқа дейін,дизенфекциядан өткендіктен,бояуы тез кетеді дейді басшылық. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par