Погондағы журналист: Полицейлермен бір күн
Біздің тілшіміз қалалық полиция басқармасындағы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының жұмысымен танысты. Бұл топтың құрамында кімдер бар? Олар қыз-келіншектерді зорлық-зомбылықтан қалай қорғайды? Жалпы жұмыс күні қалай өтеді? Осы сауалдарға жауап іздеген әріптесім Гүлай Әшекова полицейлермен бірге рейдке шығып, өзі де тәртіп сақшысы ретінде қызмет атқарып көрді. Қалалық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобында 2 қызметкер ғана. Олар: полиция капитаны Әйгерім Ерболат пен лейтенант Еркебала Артықбаева. Қос бұрымдының жұмыс күні 102 арнасына отбасылық қақтығыстар бойынша түскен шағымдарды қараумен басталды. Статистикаға сүйенсек, жанжалдың арты жиі зорлық-зомбылыққа ұласатын отбасылар аз емес. Зәбір көретіндердің басым бөлігі – әйелдер мен балалар. Сондықтан тәртіп сақшыларымен бірге жанжал шыққан жанұялардағы ахуалды бақылауға аттандық. Балаларға бас-көз болып отырған егде жастағы қала тұрғыны түн ортасында полицияға қоңырау шалған. Айтуынша, қызының бұрынғы күйеуі отбасына маза бермейді. Тәртіп сақшылары бұл мәселені дереу назарға алды. Ал, келесі мекен жайда жалғызбасты әйел тұрады. Бұл көпбалалы отбасы зорлық-зомбылықтан зәбір көрушілердің тізімінде. ҚАЛДЫБЕК КҮЗЕКБАЕВ - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Күзекбаева Жұлдыздың әкесімін. Мына кісілер немерелерім. Осы үйде уақытша тұрып жатыр. Жұлдыздан естиміз ғой, ұн анау-мынаусын беріп жатыр дейді. Келіп көріп кетеді екен. Осылар әйтеуір өсіп-жетілсе сол ғой бәріміздің арманымыз». Жалпы жыл басынан бері әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобына екі жарым мыңдай қоңырау келіп түскен. Арыз-шағымды тексеру нәтижесінде 1000-ға жуық әкімшілік хаттама толтырылған. ӘЙГЕРІМ ЕРБОЛАТ - ҚПБ ЖПБ ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ «24/7 халыққа, мемлекетке қызмет етуге мәжбүрсің. 09:09- «біз 24/7 мемлкетке қызмет етуге ант бергенбіз. Әр саланың қиыншылығы болады. Сол қиыншылыққа төзе білу керек. Мойымай отбасын да бірге алып жүретін, әйел азаматтары бар. Солардың қатыранда біз де бармыз». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/