Suivant

Президент балаларды құттықтады

29/12/23
Aqtóbe tv
Dans Asie / Kazakhstan

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақтөбелік балалардың хатына жауап берді. Сәлемдеменің бірі - Қандыағаш қаласындағы №3 мектеп-гимназиясының оқушысы Алина Меңдібаеваға келді. Ол осы айдың соңында Мемлекет басшысына хат жолдап, өз тілегін жазған. Тілек орындалып, Алина велосипед алды. Сонымен бірге бауырларына тәтті толы қорап берілді. Дәл осындай тосынсыйға Қобда ауданы Қобыланды батыр атындағы орта мектептің алтыншы сынып оқушысы Венера Кубенова ие болды. Ол да қағаз бен қалам алып, Мемлекет басшысына тілегін еткізген. Арманын да жазған. Сол арманы орындалып, Венера сыйлыққа ұялы телефон алды. Мемлекет басшысының сәлемдемесін аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев жеткізіп, мерекемен құттықтап барды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың хатын оқып, отбасына ізгі тілегін жолдады. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant