Suivant

Премьер - министр әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тежеуді тапсырды

16/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тежеу керек. Үкімет отырысында Олжас Бектенов жауаптыларға осындай тапсырма берді. Жиында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы да, қаралды. Биыл экономиканың өсуі мұнайдан тыс секторлардың есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Қазақстанда заңды тұлғалар мен олардың жұбайлары табыстарын көрсететін декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталып жатыр. Онда декларацияны заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен кәсіпкерлер тапсырды. Төртінші кезеңде яғни 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде қалған барлық жеке тұлға декларация тапсыруға міндетті. Үкімет отырысында 9 айда атқарылған жұмыс барысы баяндалды. Осы уақыт ішінде бюджетке 14,9 трлн теңге кіріс кірген. Бірақ, инвестиция тарту бойынша сылбырлық бар. Әсіресе, Атырау, Ақмола, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында көрсеткіш төмендеп кеткен. Ал, осы жылдың 9 айында жалпы ішкі өнім өсімі 4 пайызға жетті. Биыл қыркүйек айында инфляция 8,3 пайызға дейін баяулады. Сондықтан, Премьер-Министр әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тежеуді тапсырды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant