Прокуратура ғимараты ашылды
#қазалы #қызылорда #заңментәртіп #қоғам #прокуратура #news #qyzylordatv Қазалыда аудандық прокуратураның ғимараты ашылды. Талапқа сай салынған нысан қажетті материалдық құралдармен, жиһаздармен толықтай жабдықталған. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ғимараттың ішін аралап, мамандармен кездесті. Прокуратура қызметкерлерінің еліміздегі конституциялық тәртіп пен заңдылықты сақтауда, азаматтардың құқықтарын қорғау мен заңсыздықтарды жою жолындағы жұмысын ерекше атап өтті. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ "Бұл ғимаратты салуға облыстық бюджеттен 350 млн қаражат бөліп, бүгінгі таңда құрылысы толық аяқталды. Қазалы қаласына көрік беріп тұратын ғимараттың бірі болған сияқты. Халықтың игілігіне қызмет етсін. Осы жерде заңның үстемдік құруына қызмет жасайтын керемет ғимарат болады деп есептейміз. Алдағы уақытта да Қазалы ауданының дамуына ерекше қолдау көрсететін боламыз" Шара барысында құқық қорғау саласының қызметкерлері мен ауданның өсіп өркендеуіне үлес қосқан ардагерлер марапатталды. Мұнан соң облыс әкімі аудандық полиция бөліміне барып, жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Айта кету керек, өткен жылдың аяғында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, барлық ауданда соңғы үлгідегі бейнекамералар орнатылды. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережесін бұзған автокөлікті автоматты түрде анықтайтын стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғы сатып алынды. Қазір Жедел басқару орталығындағы бейнекамералар пилоттық режимде жұмысын бастады. Мақсат – қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/