Р.РҮСТЕМОВ ҮКІМЕТТЕН СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ТОПЫРАҚТЫҢ ТОЗУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІ СҰРАДЫ
Бүгінде еліміз бойынша 75 пайыздан астам жер аумағында топырақтың тозуы байқалады. Бұл мәселе әсіресе экологиялық аймақ саналатын Қызылорда облысында өзекті. Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов бүгін Сенат отырысында осы мәселеге байланысты Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдады. Үкіметтен елдегі топырақтың деградациясы мәселесін шешуді сұраған сенатор Сыр өңірінде арнайы мамандандырылған топырақтану зертханасын ашу қажет,- дейді. ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ – ТІЛШІ Тіршілігі ауыл шаруашылығымен біте қайнасқан Сыр өңірінде топырақ құнарын арттыру, суармалы жерлерді тиімді пайдалану өте өзекті мәселе. Өйткені елдегі күріш алқаптарының 90 пайызын қамтитын облыста жыл өткен сайын тұзданған жерлер аумағы ұлғайып, егіске қолайсыз жағдай қалыптасып отыр. Осы орайда сенатордың айтуынша, күріш көлемін қысқарту – егіншіліктің ертеңіне қауіп төндіруі мүмкін. РУСЛАН РҮСТЕМОВ – ҚР СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ Аймақта су тапшылығына байланысты шаруашылықтар негізгі дақыл күріш егісі көлемін жыл сайын қысқартуға мәжбүр болып, ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруға басымдық беруде. Күріш егу көлемі қысқарған сайын, оның айналасында жұмыс жасап, отбасын асырып жүрген жұмысшы-механизаторлардың саны да қысқаруда. Сыр өңірінің топырақ ерекшелігіне байланысты күріш егілмесе топырақтың екінші қайтара тұздану қарқыны күшейіп, баға жетпес суармалы жерлердің айналымнан шығып қалу қаупі де өте жоғары ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ – ТІЛШІ Күріш егісі азайған жағдайда экологиялық дағдарыс әсерінен барлық инженерлік-дайындалған жердің шөлейттену қаупі артады. Осыған байланысты сенатор Қызылорда облысында арнайы мамандандырылған топырақтану зертханасын ашып, Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтымен бірлескен жұмыстарды ғылыми жүйелендіруді ұсынып отыр. РУСЛАН РҮСТЕМОВ – ҚР СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ Зертхананың құрылуы өңірде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, облыс тұрғындарының әл-ауқат деңгейін, оның ішінде ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жаңа жұмыс орындарын арттыруға септігін тигізеді. Нәтижесінде, топырақ құнарлылығын арттыру арқылы тыңайтқыштарды оңтайлы пайдалану, сортты таңдау, ауылшаруашылығы дақылдарын сынау және шығару, оларды өсірудің агротехнологиялық стандарттарына сәйкестігін ғылыми қамтамасыз ету мүмкіндігі кеңейеді ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ – ТІЛШІ Сенат депутаты осы мәселеге байланысты Үкімет басшысынан топырақ құнарлылығын молайтуға және күріштен, басқа да дақылдардан тұрақты жоғары өнім алуға мүмкіндікті кеңейту мақсатында қолдау білдіруін сұрады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/