Suivant

САРАПШЫЛАР: ҮКІМЕТКЕ ТӘЖІРИБЕЛІ КРИЗИС-МЕНЕДЖЕР КЕЛДІ

06/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Премьер-министр қызметіне тағайындалған 43 жастағы Олжас Бектенов Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясында заңгер мамандығы бойынша білім алған. 2023 жылдың сәуірінен бастап Президент әкімшілігі басшысы қызметін атқарып келді. Ал еңбек жолын Алматы қаласындағы Әділет басқармасының бас маманы болып бастаған. Әр жылдары Президент әкімшілігінде, Астана әкімдігі, Әділет министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде лауазымды қызметтер атқарды. 2017 жылы Ақмола облысы әкімінің орынбасары, одан кейінгі 4 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің төраға орынбасары болды. Ал 2022 жылы агенттіктің төрағасы болып тағайындалды. Сонымен бірге, жаңа Үкімет басшысы бұған дейін ІІ дәрежелі «Айбын» және «Даңқ» ордендерімен наградталған. Оның басқарушылық тәжірибесі ел экономикасын көтеруге, түрлі реформалар жасауға септігін тигізеді, - дейді сарапшылар. ЕРЛАН АХМЕДИ - САЯСИ САРАПШЫ //Өткен жылы бізде сыртқа заңсыз кеткен активтерді қайтару бойынша жұмыс атқарылды. Заң қабылданды. Менің ойымша, жаңа Үкімет басшысының бэкраундына, өмірбаянына қарайтын болсақ, бұл бағытта мүмкін жұмыс атқарылатын болады. Яғни, тәртіп және заң қағидаты негізгі идеологияны ғана емес, практика түрінде нақты +жұмыстар іске асырылады. Баршамызға белгілі, қоғам тарапынан активтерді қайтару бойынша әртүрлі ойлар, пікірлер, сындар да айтылды. Менің ойымша, бұл бағытта да белсенді, ашық, нақты жұмыстар іске асырылуы тиіс деп ойлаймын. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant