Suivant

САҚАЛДЫ ҚҰРЫЛЫСТАР СҮЙЕМЕЛДЕУ АРҚЫЛЫ АЯҚТАЛДЫ

22/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Аймақта 2020-2021 жылдары пайдалануға берілуі тиіс нысандардың құрылысы өткен жылдың соңында аяқталды. Созбалаңға салынған сақалды құрылыстарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп, превентивтік бақылауға алған. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің өңірлік картасына» енгізілген нысандар санатында Қазалы және Жаңақорған аудандарындағы 300 және 250 орындық екі мектеп құрылысы, Арал ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Қазалы ауданындағы 600 орындық «Мәдениет үйі» бар. Әр нысанның тұрғындар үшін маңызы жоғары. Тиісінше белгіленген мерзімде құрылысты аяқтамаған мердігерлер айыппұл арқалаған. Ал екі нысанға қатысты бастапқы мердігер жұмысын тоқтатып, жосықсыз деп танылған. Облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Амангелдіұлы мұндай нысандар тізбесі биыл да назарға алынатынын жеткізді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant