Suivant

СЕНАТОРЛАР РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

17/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сенаторлар референдумға дайындық барысын талқылады. Жоғары палата төрағасы Мәулен Әшімбаев Бюро отырысында Халық штабының қызметіне сенат депутаттары да белсенді қатысып, өңірлерге баратынын айтты. Олар халықпен кездесіп, референдумның мәнін және атом электр стансасын салудың маңызды екенін түсіндіреді деді. Сондай-ақ, бюро отырысында алда өтетін Жоғарғы палатаның күн тәртібі нақтыланды. Депутаттар елдегі мопед жүргізушілеріне қойылатын жаңа талаптар туралы заң жобасын қарайды. МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ //Энергия көздеін әртараптандыру үшін де атом энергетикасын дамытуымыз керек. Еліміз үшін стратегиялық шешімдер десек артық болмайды. Бұл мәселені Президентіміз референдумға шығарып отыр. Өйткені, бұндай страгегиялық мәселелерді халық өзі дауыс беру арқылы шешуі керек. Шешім қабылдау керек// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant