Suivant

СЕНАТОРЛАР: САМОКАТШЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ОРЫНДАЛМАЙ ЖАТЫР

20/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Енді қазақстандықтар мопедті тіркеуге міндетті. Сенат мопед жүргізушілері үшін жаңа ережені мақұлдады. Сондай-ақ, самокатшыларға да талап тағы күшейтіледі. Себебі, бұған дейін жол қозғалысын реттеу үшін қабылданған Заң нормалары іске аспай жатыр. Мас күйінде, құжатсыз көлік басқарғандарға да жаңа талап бар. Яғни, қазіргі заң бойынша жолда жылдамдықты сағатына 25 шақырымнан, ал тротуарда 6 шақырымнан асыруға болмайды. Алайда, самокаттың жылдамдығын есептеп, оған бақылау жүргізетін арнайы мекеме әлі күнге жоқ. Бұл мәселені сол күйі шешпеген министрлікке сенаторлар ескерту жасады. ИГОРЬ ЛЕПЕХА, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ //Заң күшіне енгеннен кейін самокатты жалға беретін шерингті компаниялар жаяу жүргіншілер жолындағы жылдамдықты өзіміз реттейміз деп уәде еткен. Шынын айту керек, әзірге жылдамдықты тіркейтін құралдар бізде жоқ. Сол себепті бұл толығымен шерингті компаниялардың міндетті. МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ //Бұл жағдайды шерингті компанияларға сілтей салудың қажеті жоқ. Олармен жұмыс істеу қажет. Оған сіздің құзыретіңіз жетеді. Заң талаптары орындалмайтын болса, Заңды қабылдаудың қажеті қанша? Ал сенатор Бибігүл Жексенбай «осылай жалғаса берсе, самокаттан бас тартуға тура келеді»,- дейді. БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ //Әлі де бұл заң жетілдіруді талап етіп отыр. Кейбір мемлекетте, Америкада тіпті самокаттан бас тартып жатқан мемлекеттер бар. Бізде самокатшылар шлем кию керек басына. Бізде ол да орындалмайды. Бір самокатқа заң бойынша екі адам отыруға болмайды. Қарасаңыздар, көшеде екінің бірі 2-3еуі жабысып жүргенін көп көреміз// ІІМ МОПЕДТІ ТІРКЕУГЕ 6 АЙ УАҚЫТ БЕРДІ Бұдан бөлек, енді мопед иелері «А1» кіші санатындағы жүргізуші куәлігін алуы қажет. Әрі бұл көліктер тіркеуге алынып, мемлекеттік нөмір тағуға міндеттеледі. Бұл жол ережесін бұзатындарды бейнебақылау камералары арқылы тез арада анықтау үшін қажет. Себебі, қазір мопедтің кесірінен болатын жол апаты көбейген. Жыл басынан бері 962 оқиға тіркеліп, 39 адам қаза тапқан. ИГОРЬ ЛЕПЕХА, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ //Қазір мопедте мемлекеттік тіркеу нөмірі болмағандықтан, бейнебақылау камералар арқылы оның иесі кім екенін анықтау мүмкін емес. Осыны пайдаланып, олар әдейі жол ережесін бұзады. Ал, мемлекеттік тіркеуден өту үшін оларға жарты жыл уақыт беріледі. Осы уақытта үлгермесе, бұл мопедтерді тоқтатып, айыптұраққа жеткіземіз. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant