Suivant

Спортшылар жылды қорытындылады

28/12/23
Aqtóbe tv
Dans Asie / Kazakhstan

Сондай-ақ спортшылар жылды қорытындылады. «Жаңа белес» салтанатты шарасына аймақ басшысы Асхат Шахаров, спорт майталмандары мен ардагерлері, жас спортшылар қатысты. Жалпы биыл ақтөбеліктер 93 республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, 65 алтын, 59 күміс, 112 қола медальді иеленді. Облыстың 8 спортшысы 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының лицензиясын алудан үмітті. Сондай-ақ, биыл 14 спорт нысаны пайдалануға берілді. Келер жылы ауыспалы спорт кешендерінің құрылысы аяқталып, 15 жаңа нысан салу жоспарланып отыр. Өңірде бұқаралық спортты дамыту, спортшыларды даярлау және қолдау, салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеу сияқты шаралар одан әрі жалғасады. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant