Suivant

СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

24/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқынының салдарын жою және оның алдын алу мәселесі талқыланды. Мұнан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжіліс өткізіп, жауапты басшыларға бірқатар тапсырма берді. Облыс аумағында өткен қыс-көктем мезгілінде су тасқынының алдын алудың кешенді шаралары ұйымдастырылды. Нәтижесінде оқыс оқиға мен қауіпті жағдай болған жоқ. Оған дариядағы су деңгейінің аз мөлшерде болуы да едәуір әсер етті. Дегенмен былтырғы зерделеу нәтижесінде 26 осал учаске анықталса, оның 11-і аса қауіпті аумақ санатында. Бүгінде облыс аумағында 4 стратегиялық маңызды су торабы бар. Бұл нысандар арқылы мол суды қауіпсіз өткізуге дайындық қазірден басталуы тиіс деді облыс әкімі. Сондай-ақ қыс мезгілінде Сырдариядағы мұзды өз деңгейінде қатырып алу қажеттігін жеткізді. Облыс әкімі жиында әр аудандағы қауіпті аумақтарды нығайтуды тапсырды. Сонымен бірге су басу аймақтарына арнайы техникалары бар жауапты мекемелерді бекіту қажет. Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қор жасақтау мен эвакуациялық жинақтау пункттерін дайындау да ерекше назарда болуы тиіс екенін еске салды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant