Сыр журналистеріне «Жебе» сыйлығы табысталады

02/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Биылдан бастап сырбойылық журналистерге «Жебе» сыйлығы табысталады. 7 номинация бойынша үздік шыққан қаламгерлерге 1 миллион теңге жүлде тағайындалады. Бұл туралы облыс әкімі Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты шарада хабарлады. Мереке мезіретінде бірқатар әріптесіміз марапат төрінен көрінді. ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ: / Сәт сайын жаңалық жаңарып жатады. Сондықтан «ақпараттық майдан» тіркес десек, қолданысқа енді. Бүгінде қалам ұстаған қауымға артылған жүк ауыр. Елге едел-жедел ақпарат жеткізу қажет. Өйткені, оқырман мен көрерменнің сұранысы осы. Қазір аймақтың медиа кеңістігінде 150-ге тарта БАҚ құралы жұмыс істеп жатыр. Мерейлі мезетті массмедиа майталмандары марапатталды. Тілшілік тіршілік үнемі ізденістің үстінде. Бұл салада дамылдауға болмайды. Сыр журналисткасы мұндай кезеңде де сыр берген емес. Медиакеңістіктегі БАҚ құралдары керуен көшке ілесіп келеді. Бүгінде біраз басылымда электронды сайт жұмыс істейді. Ал телеарналардың техникалық әлеуеті жаңарып жатыр. Мәселен, аймақтың төларнасы НД форматта кез келген сәтте оқиға орнынан тікелей хабар тарату мүмкіндігіне ие. Биыл ақпарат айдындағы біраз басылымда мерейлі жыл. Атап айтқанда, сырбойылықтардың рухани серігіне айналған «Сыр бойы» газетіне 95 жыл. Бұдан өзге, бірнеше аудандық және қалалық «Ақмешіт апталығы» басылымының мерейтойы. Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне осыған орай мәдени-танымдық шараларды тиісті деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Салтанатты шарада облыс әкім қалам ұстаған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, ақжолтай ақпаратымен бөлісті. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ // Қасиетті мекенннің абыройын асқақтатып, бақ беделін сақтауға үлес қосып жүрген тілшілер қауымына жыл соңында облыс әкімінің БАҚ арналған арнайы «Жебе» сыйлығын табыстайтын боламыз. Бұл сыйлық жыл көлемінде аймақтың ақпарат айдынында үздік шыққа мақалалар мен сюжеттерге арнайы ақпараттық материалдарға 7 номинация бойынша жыл қорытындысына арналған салтанатты шарада табысталатын болады. Журналистика – билік пен бұқараның дәнекері. Саналы ғұмырын осынау салаға арнаған бірқатар азамат марапат мінберіне көтерілді. Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Бихожа «Құрмет» орденімен, «Qyzylorda» телеарнасының бас инженері Бақытжан Шүкенов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. БАҚЫТЖАН ШӨКЕНОВ – «QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ //Әрине, бұл марапаттың мен үшін бағасы жоғары. Өйткені, бұл біздің ұжымға, техникалық бөлімдегі қызметкерлерге көрсетілген құрмет деп білемін. Қазір жаңа технология жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Бүгінде медиакеңістікте бәсекеге қабілетті болу қажет. Сондықтан біз теларна көрермендерін дер кезінде ақпаратпен қамту мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мерейлі мезетте «Қазақстанның құрметті журналисі» атағы біздің телеарна ардагері Гүлнар Құлмұратоваға табысталды. Сондай-ақ, қаламы қуатты бірқатар қаламгер «Ақпарат саласының үздігі» атанды. Аймақ басшының арнайы номинацияларына лайық деп танылғандардың көбі арнамыздың қызметкерлері екенін айта кеткен жөн. Соның ішінде «Өткір тілді журналист» номинациясын төларна шеф редакторы Мөлдір Құлмырзаева иеленді. Арнамыздың арнаулы тілшісі Асқар Тәжиев «үздік телетілші» атанса, Жангелді Әлібаев «үздік бейнемонтажер», кадр сыртындағы жас маман Шыңғыс Жұмаханов «қырағы көз» телеоператор атанды. ШЫҢҒЫС ЖҰМАХАНОВ – ТЕЛЕОПЕРАТОР //Жалпы, кадр сыртанда көптеген қызықтар болып жатады. Біз түсірілім барысында әр мезетті, әр оқиғаны қалт жібермеуге тырысамыз. Беріліп отырған марапат біздің дамуымызға мотивация береді. Бұл менің ғана емес, тарихи сәтті таспалап жүрген телеоператорлардың ортақ абырой деп санаймын. Сондай-ақ, салалық министрліктің «Құрмет грамотасын» арнамыздың арнаулы тілшісі Әзиз Сейдалы, облыс әкімінің Құрмет грамотасын «Qyzylorda» телеарнасы бас редакторының орынбасары Бекзат Есқалиев иеленді. Ал, арнамыздың жетекші дизайнері Жалғас Әлібеков, арнаулы тілшілер Әкімжан Жолтаев пен Ғалымжан Жұманазар аймақ басшысының «Алғыс хатын» алды. Сондай-ақ, мереке мезіретінде БАҚ құралдарының кәсіби мерекесіне орай Сағитжан Бермағанбетов атындағы шағын футболдан өткен турнир жеңімпаздары марапатталды. Командалық есепте «Қызылорда» телеарнасы 3-ші орынды еншілесе, бейнемонтажер Дархан Тоқсейіт турнирдің «үздік шабуылшысы» атанды. ХХІ-ші ғасыр ақпараттық кеңістіктің дәуірлеу кезеңі. Сондықтан сындарлы кезеңде ұлтты ұйыстыруда ақпарат айдынындағы мамандардың мәртебесі қашанда биік. Салтанатты шара соңы мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par