СЫР ҰСТАЗДАРЫ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

29/12/23
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Тарих қойнауына енгелі тұрған қоян жылы білім саласы үшін табысты болды. Аймақ ұстаздары түрлі деңгейдегі байқауларда топ жарып, шәкірттер үздіктер қатарынан көрінді. Жылды қорытындылаған облыстық білім басқармасы мен кәсіподақ комитеті озат ұстаздарға құрмет көрсетті. Салтанатты жиынға білім саласында жемісті еңбек етіп, саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтер қатысты. Басқарма басшысы Асқарбек Есжанов әріптестерді жаңа жылмен құттықтап, жыл бойы атқарылған жұмыстар мен жетістіктерге тоқталды. Қорытынды іс-шарада білім саласын дамытуда қажырлы еңбек етіп, үздіктер қатарынан көрінген ұстаздарға «Еңбек ардагері», «Кәсіподақ ардагері» төсбелгілері табысталды. Ал жыл бойы зор жетістікке жеткен білім беру ұйымдары «Үздік әлеуметтік әріптес», «Озық идеялар мен технологиялар ордасы», «Ынтымағы жарасқан ұжым» номинацияларын иеленді. Мұнан бөлек, республикалық байқауларда топ жарып, үздік атанған білім ордалары «Үздік білім беру ұйымы - 2023» номинациясымен, халықаралық, республикалық кәсіби байқауларды бағындырған және жеңімпаз шәкірт даярлаған ұстаздар «Жыл үздігі» атанды. Сондай-ақ салада атқарылған жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттандырып жүрген журналистерге «Үздік жаңалық жаршысы» номинациясы берілді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par