Сығанақ сыры
«Мирас» антреприза театры «Сығанақ сыры» қойылымын ашық аспан астында сахналады. Спектакльде Х ғасырдың аяғы мен ХI ғасырдың басында өмір сүрген ғалым, ақын, хадистанушы Хиссамеддин Сығанақидің өмірі суреттелген. «Сығанақ сыры» спектаклі әділдік пен теңдік идеясына негізделген. Хиссамеддин Сығанақи бай-шонжарларға қолындағы барын бере отырып, құлдарға азаттық сыйлаған екен. ЕЛДОС АСАН – ТІЛШІ // Cығанақ қалашығы тарихымызда Алтын Орда, Қыпшақ мемлекеті мен қазақ хандығының астанасы ретінде белгілі. Сондықтан, спектаклдің дәл осы орында өтуі тегін емес. Ұйымдастырушылар қойылым арқылы заманында тіршілігі қайнап, сан салада қанат жайған көне шаһарда сыр шертіп, санамызға сілкініс жасап отыр. ДІНМҰХАМЕД ӘБЖАППАРОВ – «МИРАС» АНТРЕПРИЗА ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ // Тарихи нысанда өтудің басты себебі: жалпы біз сыртынан өткенде жәй ғана Сығанақ қаласы деп өте береміз. Жалғыз бір ғана қойылым емес. Бінеше қойылыммен, Бұрындық ханның таққа отырғаны барлығын сахналап, осы жерде келген көрерменге көрсеткіміз келеді. сол кезде Сығанақтың мәртебесі арта түсетін. Бұл жер тұнып тұрған тарих. // тарихи нысан болашақ ұрпақтың жадында қалсын деп, білсін деп осындай қойылым қойып жатырмыз. Құм астында қалған Сығанақ қалашығына қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Десе де, мәдени нысанның аумағында туристер тамашалайтын арнайы мұражай жоқ. Мұны ескерген «Сығанақ тарихи-мәдени қорық-мұражайы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рысбек Амандықов мәдени мұраларды түгендеуде аянбай еңбек етуде. Яғни, 10 жылдан астам уақыт көне қалаға қатысты тың деректерді тауып, өзі негізін қалаған «Сығанақ тарихы» музейін құнды жәдігерлермен толтырып келеді. Қазіргі таңда онда 500 ден астам экспонат бар. РЫСБЕК АМАНДЫҚОВ – ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ // Менде көбі сурет болып сақталған. 91 Жылдан бастап мен мынау жергілікті Сығанақ қалашығындағы Сунақ ата кесенесін көркейту кезінде сол кезде басында болғанмын. Содан бастап Сығанақ қаласын көрдім. Сол кезде төмпешік болып жататын. Сол кезден суретке түсіре бастадым. Археологтар бар қазба жұмыстарын жүргізді. Бәрінен менде фото архивтерім бар. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары көне қалашықтан табылған 5 экспонатты халықаралық дәліздің бойында орналасқан осы мұражайға табыстады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/