Suivant

СҰЛУ СЫРДАН – АРУ АЛМАТЫҒА

24/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

«Сұлу Сырдан – ару Алматыға». Осындай атаумен Алматыдағы Республика сарайында Қызылорда облысының өнер күндері өтті. Алатау бөктеріндегі мазмұнды іс-шара «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрмеден бастау алды. Сыр өңірінің тарихын баяндайтын көрме 6 бөлімді қамтыды. Көрмеге ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген Қорқыт мұрасы, ХІХ-ХХ ғасырларда Сыр бойы қазақтары пайдаланған құнды этнографиялық бұйымдар, музей қорындағы теңдесі жоқ зергерлік бұйымдар коллекциясы қойылған. «Алтын домбыра» мен өзге де жаңғырған жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Көрмені облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері тамашалады. МҰХТАР НИЯЗОВ - НАРТАЙ БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ : Республика сарайындағы гала-концертте көрермен назарына халық әндері, жыраулық өнер паш етілді. Жыраулық дәстүр – Сыр бойының бойтұмары. Асыл мұра ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Концертте Тұрмағамбет, Нұртуған, Нартай сияқты жыраулардың мақамымен шығармалар орындалды. Дәсүрлі әндер, классика, заманауи музыка. Сан алуан өнер тоғысқан кеші көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Былтыр аймақ басшысының қолдауымен кәсіби музыканттардан өнер ұжымы құрылған болатын. Ішекті, үрмелі және соқпалы музыкалық аспаптарды меңгерген 50 музыкант әлем классиктерінің шығармаларын орындады. Мүсілім Әмзе жетекшілік ететін оркестр классикалық өнер туындыларымен тыңдаушыларын тәнті етті. Өнер күндері аясында Құрманғазы оркестрінің концерт залында өткен «ЖЫР - ҚАЗЫНА, КҮЙ - КҮМБЕЗ» атты Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концертімен қорытындыланды. Гала-концерт ақын, композитор Елена Әбдіхалықованың «Қазақ елі» әнімен қорытындыланды. Алматы аспанын әдемі әндерімен, саф өнерімен тербеген Сыр өнерпаздарына көрерменнің ықыласы ерекше болды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant