Тазалық - тіршілік тынысы
Республикалық «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы біршама уақыт бұрын қорытындыланды. Дегенмен, экобастама Сыр өңірінде дәстүрлі сипат алып, жұртшылық айналаны абаттандыруға үлес қосуда. Кезекті тазалық шарасы Арал ауданында ұйымдастырылды. Бұл күні көпшілік әлеуметтік нысандарың аулалары мен орталық көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, көптен арнасы бітелген арықтар аршылып, бағаналар мен темір қоршаулар сырланды. Мұнымен қоса, арнайы техникалардың көмегімен қоқыс төгу орындарының аумағы ретке келтіріліп, санитарлық талаптар бақылауға алынып отыр. Айта кетейік, кең ауқымды экоакцияға бүгінге дейін өңірде 100 мыңнан астам адам атсалысып, қала мен ауыл-аймақтан 6 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Енді осы эко науқанның жалғасы ретінде облыста «Үлгілі елді мекен» байқауы басталды. Бұл конкурста көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына ден қойған ауылдар қатысып, үздіктер комиссия қорытындысымен анықталады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/